"Бауыржанды дәмханадан көрген": Жоғалған өрт сөндірушінің әйелі іздеу жұмыстары туралы айтып берді
"Бауыржанды дәмханадан көрген": Жоғалған өрт сөндірушінің әйелі іздеу жұмыстары туралы айтып берді
© жеке мұрағаттан
Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған жарылыстан кейін Бауыржан Дәуітбаевтың із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі. Ол қайтыс болғандардың тізімінде жоқ, оқиға орнынан мәйіті де табылмаған. Жақындары табылады деген үмітпен оны әлі күнге дейін іздестіріп жатыр. Өрт сөндірушінің жұбайы Ділназ Дәуітбаева іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді, - деп хабарлады  "Экспресс-К». 
"Бұған дейін таудан іздедік. Енді елді мекендерді аралап жүрміз. Себебі, Бауыржанды ауылдан көрдік деген бірнеше адам бар. Мәселен, бір әйел Бауыржанды дәмханадан көрген. Жақындап сұрағысы келгенде, әйелдің жанына ағасы келген. Ер адамды көргенде, күйеуім қашып кетіпті. Оның сөзіне қарағанда, Бауыржан ер адамдардан қорқады", - дейді Ділназ.
Айтуынша, бұл деректерді және әйелдің түсініктемесін полиция тіркеуге алған. Тәртіп сақшылары мен туыстары айналадан іздегенімен, әзірге нәтиже жоқ. Өкінішке қарай, ауыл дәмханасында бейнебақылау камерасы болмаған. Бауыржанның әрі қарай қайда кетуі мүмкін екенін де ешкім білмейді. Бұдан өзге, Бауыржаннан хабар жоқ. Алайда жұбайы Ділназ күдерін үзбейді.
"Қандай да бір ақпарат естісек, қуанып, полицияға жетіп барамыз. Бірақ, ілік жоғалған соң қайтадан ауыр күй кешемін", - дейді әйел.
Бұған дейін әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевтың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.