Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстамбұл қаласына барды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.