Небәрі 29 жасында жасындай жарқ етіп сөнген сәуле талантты ақын, сазгер Сәдіқожа Мошанұлының Ұйғыр ауданы Кетпен ауылындағы мәдениет үйіне есімі берілді.
Мәдени іс-шараға Алматы мен астанадан қазақ өнерін құрметтейтін зиялы қауым мен жерлестері келіп қатысты. Бір ғасырдан аса уақыт өтсе де халықтың сүйікті әніне айналған «Сары бидайдың» авторының рухына тағзым етті.Айта кетейік, аталған мәдениет ошағына Мошанұлының есімін беру мәселесі осыдан екі жыл бұрын өткен өнер иесінің 100 жылдық мерейтойы кезінде көтерілген болатын.
Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы