Ауа райы ескертуін елемей алыс жолға шыққандар жазаға тартылуы мүмкін
Ауа райы ескертуін елемей алыс жолға шыққандар жазаға тартылуы мүмкін
Фото: tgl.ru
132
оқылды
Елімізде қыстыгүні қолайсыз ауа райы мен ескертуге қарамастан жолға шығатын азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту қаралып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайды жою басқармасының басшысы Эльдор Райымбеков мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта біз «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС бірлесіп, қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы ескертулерге назар аудармай, қысқы уақытта қаладан шығатын тұрғындарды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ауа райының қолайсыздығы мен ескертулерді елемей жолға шығатындар бар. Соның нәтижесінде, ол адамдар төтенше жағдайға тап болады. Яғни, жол қызметінің қызметкерлері боран күндері шыққан автокөліктердің иесі туралы хабарлайтын болады, одан кейін тәртіп сақшылары мұндай азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Бұл жерде басты мәселе – адамдардың қауіпсіздігі», – деді Э.Райымбеков.