Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп берді.
Облыс әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің пайдалануға берілетініне тоқталды.«Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар. Осы уақытқа дейін оның 835 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 1 824 пәтерлі 271 тұрғын үй салынып жатыр. Соның арасында 741 пәтерлік 121-і тапсырылды. Жеке құрылыс компаниялары 952 пәтерлік 13 үйді пайдалануға берді. Бүгінде 1 307 отбасы пәтер кілтін алды. Атап өтер жайт, оның ішінде, 327-сі көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар», – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Бұған дейін Амандық Баталов кәсіпкерлердің кредитін кейін төлеуге жеңілдіктер жасалғаны туралы айтқан болатын.