Кәсіпкерлерге кредитін кейін төлеуге жағдай жасап отырмыз – Амандық Баталов  
Кәсіпкерлерге кредитін кейін төлеуге жағдай жасап отырмыз – Амандық Баталов  
174
оқылды

Президенттің тапсырмасына орай Алматы облысында дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде 119 мың бизнес субъектісі салық ынталандыруына қол жеткізді.

Атап айтқанда, 641 субъектіге 24 млрд теңге несие төлемін кейінге шегеруге жағдай жасалды. Облыс әкімінің айтуынша, өңірдегі 6,5 мың кәсіпкер үшін жеке секторда жалға алу құны 30%-дан 90%-ға дейін төмендетілді. 690 бизнес субъектісі коммуналдық меншік мүліктерін жалға алу төлемінен толық босатылды. Кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 16,2 млрд теңге бөлінді.

«Кәсіпкерлерді қолдау үшін қабылданған шешімдер шағын және орта бизнес көрсеткіштерін өткен жылдың деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді. Соған сәйкес,  шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 1,7 трлн теңгені құрап, жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34% жетеді. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға жеткізу жоспарда бар. Біз бұл межеге келесі жылы жете аламыз», – деді облыс әкімі.