Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
207
оқылды
Қазақстандық Мөлдір Мекенбаева Абу-Дабиде өткен турнирде джиу-джитсудың не-ваза бөлімі бойынша әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Мекенбаева рейтингте бірінші нөмірлі болғандықтан бірінші белдесуді өткізген жоқ. Екіншісінде кореялық қарсыласын аяғын ауырту әдісімен жеңді. Үшінші кездесуінде бірнеше жыл бұрын есе жіберген филиппиндік спортшыдан есеп айырмасымен басым түсті. Төртінші белдесуде Азия ойындарының жүлдегері, вьетнамдық қарсыласын жықты.
"Осы жолы дайындығыма сенімді болдым, өйткені тактика мен позициялық күреске үлкен мән бердім. Дайындық үшін жезделеріме алғыс білдіремін. Сонымен бірге, менің жеңісіме үлкен отбасым мен күйеуім зор үлес қосты. Туымызды ең биік тұғырға көтергеніме қуаныштымын", – деп жазыпты ол әлеуметтік желіде.