Миллион доллар жалған ақшамен ұсталды

Миллион доллар жалған ақшамен ұсталды

Экономиканы жарға жығуы мүмкін қа­уіп­ті құбылыстардың бірі – жалған ақша жасау. Жуырда Алматы тұрғыны аса ірі кө­лемде фейк банкноттарды өткізу кезінде ұсталып, жаза тартты.

Қаржылық мониторинг агенттігі ірі мегаполисте жалған ақша жасаушы 1 миллионға жуық жал­ған долларды өткізбекші болғаны үшін 6 жылға сот­талғанын хабарлады.
«Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті өткен жылдың қыркүйек айында жалған 100 долларлық купюраларды өткізу дерегін анықтады. Қызметкерлер жедел бақылаулық сатып алуды жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллары көлеміндегі жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды», – деп мәлім етті ведомство.
Тергеу ақпараты бойынша Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейінгі аралықта номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізіп үлгеріпті. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді. Т.Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Ерік ЕРДЕНОВ