Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы бүгінгі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. «Жасыл» аймақта: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.Кеше «жасыл» аймақта болған Шымкент қаласы бүгін «сарыға» өтті.