Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылының тұрғыны Самат Дүкенбаев Nur Otan партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымовтың қабылдауында болып тұрғындардың өтінішін жеткізген болатын. Аманкөл ауылының көшелеріне автомобиль жолына жөндеу жұмысын жүргізуді сұрады.
Өтініш иесін қабылдаған Nur Otan партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымов аталған мәселенің «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындаудың Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы бойынша Жол картасында жоспарланғанын, алдағы уақытта бұл мәселе оң шешімін табатынын жеткізді. Тұрғынның өтініші құзырлы мекеме басшыларына жолданды.Автомобиль жолына жөндеу жұмысын «Zhappas Company» ЖШС жүргізіп жатыр.