Қырғыз миллиардері қызына лайық күйеу іздеп, жігіттерге кастинг жариялады

Қырғыз миллиардері қызына лайық күйеу іздеп, жігіттерге кастинг жариялады

Қырғызстандық миллиардер, депутаттыққа үміткер Шаршенбек Әбдікерімов тұңғыш қызына күйеу таңдау үшін кастинг жариялады, – деп жазды Kaktus media.

Кастинг 19 қараша күні 12:00 Нарын облысы Ат-Башинск ауданында өтеді. Қырғызстанның ең бай отбасыларының бірімен құда болуға ниет білдіргендер аз емес. Штаб мәліметінше, көршілес елдерден де кастингке қатысуға өтініш бергендер бар. Кастингтің өтетін уақыты: Нарын облысы Ат-Башы ауылы, М. Жунусова, 7а көшесі. Кастинг шығыны кандидат Ш.Әбдікерімовтің сайлау қорынан төленді.