Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз асылып қалған жерінен табылды
Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз асылып қалған жерінен табылды
© stan.kz
215
оқылды
Ақмола облысы Астрахан ауылында 15 жастағы қыз өз-өзіне қол салды. Үйінің ауласындағы сарайда асылып  тұрған жерінен тапқан. Ашық жарқын қыздың аяқ астынан мұндай әрекетке неге барғанын  ешкім түсіне алар емес.  Полиция тергеуді бастады, – деп хабарлады "Астана" телеарнасы. 
"Аталған факт бойынша бойынша ҚР 105-бабымен «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Білім басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында 8 өз-өзіне қол жұмсау  жағдайы болған. Сондай-ақ 21 бала суицид жасауға әрекет жасаған. Мектеп басшылығы да  9-сынып оқушысының қазасына сене алмай отыр. Өте ақкөңіл, көпшіл еді деп еске алады мектеп директоры.  
"Қыз көпшіл, өмірге құштар бала болып өсті. Мінезі ашық, би үйірмесіне қатысқан. Мектеп психологының айтуынша, суицидке бейімделу белгілерін көрсетпеген. Қазіргі таңда отбасына психологиялық көмек көрсетілуде", – дейді Астрахан ауылы № 1 орта мектебінің директоры Сәуле Балабаева.