«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының, Қостанай облысы бойынша ӘМСҚ филиалының басшылары қатысты. Жиналысқа Senim «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қостанай облыстық филиалының төрағасы Татьяна Булгацевич төрағалық етті.
Қоғамдық кеңес мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген нысаналы индикаторларын іске асыру барысы бойынша облыста Денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстардың 10 айлық нәтижесін қорытындылады. Жол картасының 3.1-бөлімге сәйкес, «Медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудың» 9-тармағын іске асыруы бақылауға алған. Мәселен, «Коронавируспен күресуге бағытталған материалдық-техникалық жабдықтау, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің» 55-тармағына сәйкес 1,015 млрд теңге бөлінді. Оның 468,3 млн теңгесі игерілді. Реанимация бөлімшелері үшін медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары сатып алынып отыр. Медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Оның 25,4 млн теңгесіне 6 рентген аппараты, 434,8 млн теңгеге 15 флюорограф, 199,3 млн теңгеге 3 маммограф алынды. Барлығы 659,5 млн теңгеге жабдықтар сатып алынған. Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту үшін нысаналы топтармен кездесу өткізіледі. БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ сыртқы жарнаманы орналастырып, ақпараттық брошюралар, буклеттер таратылды, коммуналдық қызмет түбіртектерінде МӘМС туралы жадынамалар жазылды, адамдар көп жиналатын жерлерде және көлікте бейне және аудиороликтерді ротациялау жүргізіледі. Медицинада жоғары технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді. Бұл мақсатқа 452,7 млн теңге бөлінді. 2021 жылғы жоспар бойынша 30 қызмет орнына іс жүзінде 386,2 млн теңге сомасына 61 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді. Сонымен қатар тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты жыл ішінде скринингтік зерттеу жүргізу тоқтатылған, осыған байланысты медициналық ұйымдардың алдына халықты скринингтік зерттеумен қамтуды ұлғайту міндеті қойылды. Жол картасының нысаналы индикаторларын іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.Би-Барыс КӨКШЕ