15 қарашадан бастап елордада "Файзермен" вакциналау басталады. Тиісті контингентке екпе қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.
"Алайда, қаланың барлық медұйымы жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды", - делінген хабарламада.Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы "Файзер" вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынып отыр:
- қалалық #1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы;
- “Достық” отбасылық денсаулық орталығы;
- “Жанұя”, “Салауатты Астана”, “Шипагер”, “Кировская” ЖШС (барлық филиалдары).