Жамбыл облысынан Қырғызстанға жанармайды заңсыз тасымалдаушылардың қулығы әшкереленді. Айлакерлер көрші елге бензин мен жанармайды жерасты құбыры арқылы жеткізіп отырған, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Видеоны жергілікті тұрғын телефонға жазып, әлеуметтік желіге жүктеген. Автордың сөзінше, пластик құбырдың ұзындығы бір шақырымға жуықтайды. Оның басы Қазақстаннан басталып, соңы Қырғызстаннан аяқталады. Әзірге құбырдың қай уақытта төселгені және ол арқылы көрші елге қанша көлемде бензин мен дизель отынының өтіп кеткені белгісіз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі бұл деректі шекара жасағының бірі анықтағанын айтып отыр. Қазір контарабанда тобын іздестіріп жатыр.