Агуэро футболмен қош айтысуы мүмкін
Агуэро футболмен қош айтысуы мүмкін

Испаниялық «Барселонаның» шабуылшысы Серхио Агуэро спорттық карьерасын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Catalunya Radio хабарлады.

Футболшы Испания чемпионатында «Алавес» командасымен ойын кезінде өзін жайсыз сезініп, кездесуді жалғастыра алмаған болатын. Бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген каталониялық клубтың баспасөз қызметі матч барысында шабуылшының кеуде тұсы шаншығанын айтқан.

Ойыннан соң Серхионы дәрігерлер бірден емханаға алып кетті. Медициналық тексерістен кейін шабуылшының үш ай бойы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды.