«Барселона» Марадонаны еске алу ойынын өткізеді
«Барселона» Марадонаны еске алу ойынын өткізеді
166
оқылды

Испаниялық «Барселона» футбол клубы мен аргентиналық «Бока Хуниорс» аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаны еске алуға арналған жолдастық ойын өткізеді.  Бұл туралы каталониялық клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Матч 2021 жылы 14 желтоқсанда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтеді. Кездесу Диего Марадонаның қайтыс болғанына бір жыл толуына орай, атақты ойыншыға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылғалы отыр.

Айта кетейік, Марадона аталған екі екі командада да өнер көрсеткен. Әйгілі футболшы 2020 жылы 25 қарашада қайтыс болды.