"Мұндайға дайын болмадық": Бас бапкер Байсуфинов ірі жеңіліске қатысты пікір білдірді
"Мұндайға дайын болмадық": Бас бапкер Байсуфинов ірі жеңіліске қатысты пікір білдірді
Фото: meta-ratings.kz
149
оқылды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франциямен өткен ойынға қатысты пікір білдірді, – деп жазады Vesti.kz сайты.

Кездесу Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтті, ойын Франция құрамасының пайдасына 8:0 есебімен аяқталды.
"Матч алдында футболшыларға қорықпай ойнау керегін айттым. Қайткен күнде де ойынды дамыту керек еді. Жеңіліске әрқашан бапкер жауап береді. Мұндайға дайын болмадық. Бұл кездесуден кейін командамыздың бұған дайын болмағанына көз жеткізуге болады. Таблодағы нәтижеден бәрін көруге болады. Алып қосарым жоқ", – дейді Талғат Байсуфинов.
Еске салайық, Франция командасы D тобында 15 ұпай еншілеп, әлем чемпионатына бірінші орынмен жолдама алды. Ал іріктеудегі соңғы ойынын өткізген Қазақстан құрамасы үш ұпаймен соңғы орынға жайғасты.