Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін Тұрлыханов көшесіндегі аспалы көпірден ер адамның секіріп кеткені туралы хабар түсті.
«Аталған факті бойынша Семей қалалық Полиция басқармасының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық кодекстің 201-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді», - деді полицей.
Бұған дейін астанада көпірден секіріп кеткен әйелді құтқарған полицейлер туралы жазған болатынбыз.