Алматы облысында із-түзсіз жоғалған бір отбасының 3 мүшесі батпақтан табылды
Алматы облысында із-түзсіз жоғалған бір отбасының 3 мүшесі батпақтан табылды
Үштөбе қаласына барар жолдан көлік табылды. Көлік батпаққа батып, төбесімен аударылып қалған. Көлік ішінен бір күн бұрын із-түзсіз жоғалған бір отбасының 3 мүшесі табылды. Бұл туралы  Instagram-дағы kris_p_tdk парақшасында хабарлады.
"Кешеден бері із-түзсіз жоғалып кеткен бір отбасының мүшелері Үштөбе трассасының бойындағы батпақтың ішінен автокөлікпен бірге табылды. Үш адам мерт болды", - делінген жазбада.
Алдын-ала мәлімет бойынша, отбасы мүшелері көлікпен Алматы қаласынан шығып, Талдықорған деген жазуы бар маңайдан өткеннен кейін байланыс үзілген. Басқа мәліметтер анықталу үстінде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлікте болған отбасы мүшелері 14 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын Алматы облысы Полиция департаменті тексеріп жатыр.