Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жарысқа қатысушылардың тамақтануы туралы айтты.
Қысқы додаға қатысатын спортшыларға ұсынылатын барлық тағамдарда 1 ақпанда тойланатын Қытай Жаңа жылының дәстүрлерінің элементтері қамтылмақ. Спортшыларға елдегі 12 аймақ пен әртүрлі мәдени орталықтардың 678 түрлі тағамы ұсынылады.
Global Times басылымының жазуынша, жалпы ас мәзірінде әртүрлі дін өкілдеріне арналған тағамдар да бар. Оның ішінде вегетариандық тағамдар мен мұсылмандар үшін халал астар ұсынылмақ.
Бір қызығы, спортшыларға арналған тағамда бұрыш және басқа дәмдеуіштер болмайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар допинг сынамасы кезінде оң нәтижесі көрсетуге әсер етуі мүмкін.
Пандемияға байланысты асханада спортшыларға бетперделер, қолғаптар, спирті бар мақта жастықшалар және қолды тазартатын құралдар беріледі.
Айта кетейік, Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада 2022 жылғы 4 - 20 ақпан аралығында өтеді.