Министр елімізде көлік бағасының қымбаттау себебін айтты
Министр елімізде көлік бағасының қымбаттау себебін айтты
Фото: news.myseldon.com
199
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда көліктердің қымбаттауына не себеп болғанын түсіндірді.

«Көбісі Қазақстанда шығарылатын негізгі брендтерге сілтеме жасайды, бірақ сонымен бірге Қазақстанда мүлдем шығарылмайтын BMW, Mercedes, Toyota сияқты басқа брендтердің бағасы көтерілді», – деді Атамқұлов Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, дәл осындай көлік Ресей, Қытай мен Еуропа нарығында да қымбаттаған.

«Пандемияның шарықтау кезеңінде адамдар іс жүзінде үйге қамалды, банктер жұмыс істемеді. Автокөліктер мен туристік қызметтерге сұраныс төмендеді. Енді сұраныстар азайғандықтан, сауда қызметтері бағаны айтарлықтай өсірді. Дәл осы кезде сұраныс артып, электронды чиптермен қамтамасыз ету жүйесінде де ақау орын алды», – деп түсіндірді ИДМ басшысы.

Ол сондай-ақ кейбір экономикалық  санкциялар негізінен Тайвань мен Қытайға автокөлік жеткізушілерге салынғанын атап өтті.

Министр кейбір елдер автомобиль өндірісін тоқтатып жатса, Қазақстанда отандық автоөндіріс дамып келеді. Оның айтуынша, биыл Қазақстанда 65 мың көлік шығарылған.

Нұрболат АДЫРБЕК