Алматыда полицейді жарақаттаған ұры ұсталды
Алматыда полицейді жарақаттаған ұры ұсталды
136
оқылды

Алматыда ұры өзін күшпен тоқтатпақ болған полицейлердің біріне пышақ салды.

Әлеуметтік желіде төбелесіп жатқан ер адамдардың видеосы тарады. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
«Видеоға әккі ұрыны ұстау кезі түсіп қалған. Ер адам Алматы аумағында үш ұрлық және бір тонау жасады деген күдікке ілінді. Ол – 1989 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.
Ведомствоның мәліметінше, ұстау кезінде күдікті полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларының бірін пышақпен жаралады.