Алматыда ұры өзін күшпен тоқтатпақ болған полицейлердің біріне пышақ салды.
Әлеуметтік желіде төбелесіп жатқан ер адамдардың видеосы тарады.
Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
«Видеоға әккі ұрыны ұстау кезі түсіп қалған. Ер адам Алматы аумағында үш ұрлық және бір тонау жасады деген күдікке ілінді. Ол – 1989 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.
Ведомствоның мәліметінше, ұстау кезінде күдікті полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларының бірін пышақпен жаралады.