Алматыда жанжалдан кейін 34 жастағы әйелін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды
Алматыда жанжалдан кейін 34 жастағы әйелін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды
© azh.kz
239
оқылды
Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жантүршігерлік оқиға Наурызбай ауданында болған.
"Отбасылық жанжал салдарынан 34 жастағы әйел ауыр пышақ жарақатынан көз жұмды. Кісі өлтірді деген күдікпен оның күйеуі "ізін суытпай" ұсталды", - деді Наурызбай ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.