Кешегі дауыл кезінде жолаушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша жабылған Жамбыл облысындағы барлық автожолдар бүгін ашылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Кеше ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 160-238 шақырымында автокөліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған еді.Кеше Жамбыл облысында дүлей дауыл соғып, электр жарығы сөніп, ғимараттардың шатыры жұлынып, ағаштар құлап, жол бойында тұрған көліктер зақымдалды.