Қатты дауылдан Таразда 18 көпқабатты тұрғын үйге, 16 мектеп пен 4 балабақшаға зақым келді
Қатты дауылдан Таразда 18 көпқабатты тұрғын үйге, 16 мектеп пен 4 балабақшаға зақым келді
© azattyq-ruhy.kz
228
оқылды
Жамбыл облысы аумағындағы қатты дауылдан Тараз қаласы бойынша 18 көпқабатты тұрғын үйдің және 16 мектеп, 4 балабақшаның шатырлары және 4 балабақшаның қоршауы зақымдалған, - деп хабарлады Тараз қаласының әкімдігі.
«Қала көшелерінде 18 электр бағанасы құласа, 1,5 шақырым электр желілері үзілді. Жылу беруші кәсіпорындардағы 5 кіші қазандықта электр желілерінің зақымдалуына байланысты жылу беру уақытша тоқтатылды. Қала көшелерінде 45-тен аса үлкенді-кішілі талдар, 12 аялдама құласа, 32 бағдаршам істен шыққан. Қала бойынша 34 билборд, 9 пилонның баннерлері мен 64 жалауша жыртылып, зақымдалды. Пилондардың 2 дана конструкциясы мен 4 билбордтың конструкциялары кұлады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Тастақ, Кірпіш зауыт, Қызыл-Абад, Көлтоған алқаптарында, Желтоқсан - Қонаев көшелерінің қиылысында, Әйтеке би көшесі №11 үйдің маңындағы 6 спорт алаңшаларының қоршаулары мен төсенділері зақымдалған. Барлық мектептердегі оқушылар сағат 10.00-де үйлеріне қайтарылып, оқу процесі онлайн жүйеге ауыстырылды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда құлаған ағаштарды кесу және аумағын тазалауға «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-мен 6 бригада тартылып, жұмыстар атқарылуда. Электр жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына «ЖЭС» ЖШС мен Тараз қалалық электр жүйесі тарапынан 21 бригада жұмылдырылып, қайта қосу жұмыстары жүргізілуде. Барлық коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жасауда.