Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 16 059 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда еңбек етеді.
«Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: І санат – 647 (басшы және олардың орынбасарлары), ІІ санат – 3 222 (құрылымдық бөлімше басшылары). Сондай-ақ мамандар – 7 746 адам және білікті жұмысшылар – 718 адам. Маусымдық жұмысқа – 1 769 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 957 адам еңбек етеді» делінген ресми хабарламада.Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартқан 1 739 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл – жалпы жұмысшы санының 97%-ы.
Мигранттар көбінесе Қытайдан – 4 068 адам, Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 адам келсе, Ұлыбританиядан 1 047 адам келген.
Бұған Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттар туралы жазған болатынбыз.