ТЖМ басшысы Шортандыдағы жарылыстың себебін айтты
ТЖМ басшысы Шортандыдағы жарылыстың себебін айтты
151
оқылды
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола облысы Шортанды кентінде газ баллоны неге жарылғанын айтты. Қайғылы оқиғадан үш адам, оның ішінде бала қаза тауып, тағы он адам зардап шеккен еді.
"Дәл осы үйге өрт шыққанға дейін 8 қарашада біздің қызметкерлер барған. Нұсқаулық өткізді, жадынама беріп, датчиктер қойды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бірақ, ең алдымен, газ баллон суық дәлізден әкелініп, ішке, жылыту пешінің қасына қойылған, осы себеп болды. Осы газ баллоны қайда толтырылатынын тергеу органы анықтайды", – деп Ильин Сенат отырысынан кейін қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды көшесінде газ баллоны жарылған болатын.