Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын зілтеміршілер белігілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматы облысында "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Әлем біріншілігі 7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы - Ташкент қаласында өтеді.
Аталған әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғайды. Олар:
Арли Чонтей (55 келі)
Нұрғиса Әділұлы (96 келі)
Артем Антропов (96 келі)
Карина Күзғанбаева (81 келі)
Айзада Муптильда (87+ келі)