Шәкеевтің музыкасы Ұлыбританияда шырқалады
Шәкеевтің музыкасы Ұлыбританияда шырқалады
228
оқылды
2022 жылы 20-22 мамырда Ұлыбританияда өтетін ком­позиторлардың International Composers Festival атты халық­аралық фестивалінің ашылуында Еркеш Шәкеевтің музыкасы шырқалатын болды. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушысы, композитор Поло Пиатти ресми түрде жариялады. Алғашында фестиваль бағдар­ламасына Remember Me, Zingarella және My Princess вальсі сынды үш композицияны қосу жоспарланған. Пандемияға байланысты фестиваль екі жыл қатарынан өтпеген­діктен, қатысушылар саны артқан. Фестиваль ашылған күні Zingarella-ның бір композициясы шырқала­ды. Партитуралар АҚШ-қа оркестрді басқаратын әйгілі дирижер Даниэль Бутке жіберілді. «Бұл – менің шығармашылығым үшін таңғаларлық әрі маңызды оқиға, өйткені мен тікелей қатыс­падым. Бірақ музыканы нағыз кәсіпқойлар бағалаған, ұнатқан, бұл - таңдаған жолымның қиын­дық­тарға қарамастан, бәрі дұрыс келе жатқанының айқын белгісі», – деді Еркеш Шәкеев. Лондон фестивалінің ұйымдас­тыру­шылары бұл туындыны 2019 жылдың мамырында Алматыда өткен қайырымдылық концертінде, ұлыбританиялық пианист Оли­вер Пол ойнаған кезде тыңдаған. Еске салайық, Еркеш Шәкеевтің музыкалық туындыларын St' Lukes концерт залында Лондон симфо­ниялық оркестрі, әйгілі Кадоган Холлда Корольдік филармониялық оркестр, London Metropolitan Orchestra, London Voices хоры, белгілі пианистер Максим Мрвица, Джон Ленехан, Оливер Пул, скрипкашы Хлоя Хэнслип, виолончелист Александр Бэйли орын­даған.

Н.ОРАЗҒАЛИ.