Қазақстанда әйелдер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер Pfizer вакцинасын салдырып жатыр.
Жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын салу 12 қарашада басталды.«Әрине, салдырамын. Өзім де салдырар едім. Менің әріптестерім балаларын емханаға сенбі-жексенбі күндері алып барды. Pfizer вакцинасын алғандар саны күн сайын көбейіп жатыр. Вакцинаны бүкіл әлем пайдалануда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тексерісінен өткен. Сондықтан ешқандай қорқыныш жоқ. Менің балаларым ол жастан өтіп кеткен, немерелерім әлі 12 жасқа толған жоқ. Үлкен немерем 9 жаста, кейде оған да салдыру керек деп ойланып қаламын. Бірақ оның жасы әлі 12-ге толмады», – деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін Жандарбек Бекшиннің өзі вакцина алған кезде "Мүлдем уайымдап тұрғаным жоқ" деген еді.