Диплом сатып алмақ болған тұрғын 700 мың теңгесінен айырылды
Диплом сатып алмақ болған тұрғын 700 мың теңгесінен айырылды
Фото: yandex.kz
191
оқылды

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Жәбірленуші диплом жасап беретінін айтқан алаяққа 700 мың теңге бергенін айтқан. Диплом да алмаған, ақшасынан да айырылған.

Бұл фактіні полиция ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркеді. Тәртіп сақшылары алаяқты ұстап, оны әл-Фараби АПБ-на жеткізді. Алаяқ ақша алғанын мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Шымкентте 340 мұғалімге жалған сертификат сатқандарға қатысты сот шешімі шыққанын жазған болатынбыз.