Шымкентте ауыр атлеттер жаттығатын орталық өртенді
Шымкентте ауыр атлеттер жаттығатын орталық өртенді
Фото: ТЖД-нен алынды

Таңғы сағат 07:54-те өрт сөндірушілерге Еңбекші ауданындағы Ерімбетов көшесі №28 мекенжайда орналасқан жаттығу залы өртенгені туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндіру бригадасы келгенде 3-қабаттың шатыры өртеніп жатқан. Өрт сағат 08:45-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 26 қызметкері мен 6 техникасы, Полиция департаментінің 3 қызметкері мен 5 техникасы, электр желісінің авариялық қызметі жұмылдырылды.

Қазір мамандар өрттің себебі мен өрттен келген залалды анықтап жатыр.