Алматы облысында Өзбекстан азаматы оқушы қыздан ақша талап еткен – видео
Алматы облысында Өзбекстан азаматы оқушы қыздан ақша талап еткен – видео
Фото: azattyq-ruhy.kz
277
оқылды

Алматы облысы Қаскелең қаласында Өзбекстан азаматы тапа-тал түсте оқушы қызға тап берді.

«Оқиға 16 қараша күндізгі сағат 13:00 шамасында Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы Қарасай батыр көшесінде болған. Осы жайтқа байланысты полицияға қыздың анасы арызданды. Оның 12 жастағы қызына шамамен 35-40 жастағы ер адам тап берген. Ақша талап еткен. Қызды аялдамадағы өзге адамдар құтқарып қалған», – деді полицейлер.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, 39 жастағы күдікті ұсталды. Қарасай ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған ер адам – Өзбекстан азаматы. Ол 30 тәулікке қамауға алынды.