Қызылордада жалдамалы фазендада 2 келідей есірткі сақтаған ер адам ұсталды
Қызылордада жалдамалы фазендада 2 келідей есірткі сақтаған ер адам ұсталды
© azh.kz
428
оқылды
Қызылордада ер адам жалдамалы фазендада 2 келідей есірткі сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 18 қараша күні Қызылорда ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Сырдария аумағында аса ірі көлемде “кептірілген марихуананы” жасырын сақтаған 52 жастағы аудан тұрғыны жалдамалы фазендасынан қылмыс үстінде ұсталды. Тергеп-тексеру кезінде жалдамалы фазендасына тінту жүргізіліп, күдіктінің көрсетуімен жалғыз ұңғылы қару, екі дана 16 калибрлі патрон, бес дана фазенданың әр жеріне жасырып қойған жасыл түсті ерекше хош иісі бар өсімдік тәріздес заттар алынды. Тағайындалған сараптаманың қорытындысында жалпы салмағы 1 келі 747 грамм “кептірілген марихуана” екені туралы бекіткен.​ Күдікті тұлға өзінің жасаған қылмысын толығымен мойындап, өзінің есірткі затына тәуелді екендігін айтқан.​
– Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көрсетілген баптың санкциясында – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткімен айналысу ауыр және аса ауыр қылмыс санатына жатады. Қазіргі таңда күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу жүргізілуде, – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.