Қазақстан экологияны жақсарту рейтингінде соңғы орында тұр

Қазақстан экологияны жақсарту рейтингінде соңғы орында тұр

CCPI 2022 зерттеуі бойынша, Қазақстан ең төмен 19,81 балл алып, 64-орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 саты төмен, – деп хабарлайды Energyprom.kz сайты.

Аталған рейтинг 2005 жылдан бері жыл сайын жарияланады. Еуроодақ пен 60 мемлекетте климатты қорғау шараларының қаншалықты әсерлі екенін бағалап отырады. Ешбір мемлекет ауыз толтырып айтарлық көрсеткішке ие болмағандықтан, алғашқы үш орын бос қалды.
  • 4-орын Дания – 76,92 балл;
  • 5-орын Швеция – 74,46 балл;
  • 6-орын Норвегия – 73,62 балл.
Қазақстанмен бірге соңғы 62-орында 26,35 балмен – Иран, 63-орында 24,45 балмен – Біріккен Араб Әмірлігі. Ресей де рейтингі төмен мемлекеттер қатарына енді – 35 балмен 56-орында. Беларусь елі – 46,91 балмен 48-орында. Ал Үндістан 69,22 балмен 10-орынға жайғасты. Сондай-ақ, Жер шарында ауаны ластау бойынша алда келе жатқан Қытай 52,66 балмен 37-орында тұр. Климаттың өзгеруі бойынша тиімділік индексі төрт санат бойынша бағаланады:
  • парниктік газдар шығарындылары;
  • жаңартылатын энергия;
  • энергияны пайдалану;
  • климат саясаты.
Қазақстан жоғарыдағы төрт санат бойынша төмен көрсеткішке ие:
  • парниктік газдар шығарындылары – 7,18;
  • жаңартылатын энергия – 2,54;
  • энергияны пайдалану – 5,06;
  • климат саясаты – 5,03.