Қазақстан халықаралық ұйымдар берген гуманитарлық көмектің есебін неге жарияламайды?
Қазақстан халықаралық ұйымдар берген гуманитарлық көмектің есебін неге жарияламайды?
Фото: Usembassy.gov
659
оқылды

Былтыр Қазақстан халықаралық қаржы институттарынан 2 млрд АҚШ доллары (865 млрд тг) көлемінде көмек алған. Олар қарыз, грант, техникалық және демеуші көмегі түрінде берілген. Zertteu Research Institute қорының зерттеуінше, бұл көмекті қабылдап алған мемлекеттік органдар қарыздан басқа көмектердің қайда жұмсалғаны, қалай жұмсалғаны туралы ашық есеп бермейтін болып шықты.

 width=  width=  width= Айта кетейік, Zertteu Research Institute қоры Ислам банкіне 2020 жылы Қазақстанға қандай көмек көрсеткені туралы сұрап, сауал жолдаған. Ислам банкінің мәліметінше, Қазақстан Үкіметі ешқандай көмек қажет емес екенін айтып, банктің көмегінен бас тартқан. Zertteu Research Institute ҚҚ халықарылық ұйымдар бөлген көмек пен оның қолдану ашықтығын зерттеді. Қорытындысында, халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан ашықтық деңгейі жоғары екені, ал көмек алушылар – мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялар ашықтығы әлдеқайда төмен екені анықталды. Сонымен бірге халықаралық ұйымдар арасында ашықтығы жағынан көшбастап тұрған ұйым – Дүниежүзілік банк болып шықты. Zertteu Research Institute директоры Шолпан Әйтенованың айтуынша, көмек қарыз түрінде болса, оның заңды күші болғандықтан, есебі жарияланады. Бірақ мемлекеттік ұйымдар мен компаниялар гранттар мен техникалық көмек туралы мәліметті, көмектің қайда, қалай жұмсалғаны туралы есебін ашық жарияламайды. Бұған басты себеп - Қазақстанда мұндай көмектің дұрыс жұмсалуын реттейтін құқықтық норманың болмауы. Сонымен бірге Қазақстанның қандай да болмасын гуманитарлық көмек алғаны туралы мәлімет жарияланатын ортақ алаңның болмауы ашықтыққа кедергі болып отыр.

"Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық ұйымның грантына аз қамтылған 145 мың отбасына дәрі қобдишасын сатып алғанын хабарлады. Дәрі қобдишаларын жеткізуді қалалық/аудандық жұмыспен қамту бөлімдері және ауыл әкімдіктері жүзеге асыруы керек болған. Бірақ, қашан таратқаны белгісіз, ашық ақпарат жоқ", - дейді Шолпан Әйтенова.