Қазақстандық боксшы WBC титулы үшін айқасқа түседі
Қазақстандық боксшы WBC титулы үшін айқасқа түседі
188
оқылды
Бүгін, 20 қарашада ауыр салмақта WBA International титулына ие қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) доминиканалық Алексис Бенджамин Гарсиямен (11-0, 7 КО) титулды айқасқа шығады, – деп хабарлайды Vesti.kz. 10 раундты жекпе-жек Гамбургте (Германия) өтеді, бұл кездесуде WBC International Silver белбеуі сарапқа салынады. Айқас 00:00-де басталып, "Хабар" арнасынан тікелей көрсетіледі. Ол бұған дейін америкалық Джои Давейконы екінші раундта нокаутқа түсіріп, кәсіпқой рингтегі қатарынан 16-шы жеңісіне жеткен еді.