Росомаха лақап атымен танымал Қытайдағы қазақ боксшысы Сайран Нұрданбек UFC чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
27 жастағы спортшы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 198 турниріне қатысып, 32 жастағы америкалық файтер Шон Сорианомен жекпе-жек өткізді. Нұрданбек бірауыздан жеңіске жетті. Бұл оның UFC-дегі екінші жекпе-жегі және промоушн аясындағы бірінші жеңісі. Ол дебюттік жекпе-жегінде аустралиялық Джошуа Кулибаодан жеңілген болатын. Еске салайық, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы франциялық экс-әлем чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды нокаутпен жеңді. Ал аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий доминикандық Алексис Гарсиядан басым түсті.