"Одан абай болыңыздар!": Нжикам қазақ боксшысына тәнті болды
"Одан абай болыңыздар!": Нжикам қазақ боксшысына тәнті болды
268
оқылды
Француз боксшысы Хассан Ндам Нжикам (38-6) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) тәнті болды, – деп хабарлайды Sports.kz.
Екеуінің жекпе-жегінде жеңілген Нжикам Әлімханұлы туралы былай деді: "Өте жақсы жігіт. Болашақ әлем чемпионы. Абай болыңыздар, одан!».
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы сегізінші раундта Хассан Ндам Нжикамды техникалық нокаутпен жеңіп, WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдікті қорғаған болатын. Өзінің жеңісінен кейін Әлімханұлы орта салмақтағы әлем чемпиондарына ұсыныс жасады, алайда олар оның ұсынысын қабылдауға асығар емес.