Қызылордада үй өртеніп, екі адам қаза тапты
Қызылордада үй өртеніп, екі адам қаза тапты
Фото: kazlenta.kz
128
оқылды

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 17.43-те үй өртенді.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, алдымен үйдің едені отқа оранған. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Біреуі – 1966 жылғы үйдің иесі, екіншісі – сол үйге қонаққа келген 1990 жылғы ер адам. Өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

Бұған дейін Атырау облысында шөп өртеніп, ойнап жүрген үш бала қаза тапқанын жазған болатынбыз.