Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 17.43-те үй өртенді.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, алдымен үйдің едені отқа оранған. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Біреуі – 1966 жылғы үйдің иесі, екіншісі – сол үйге қонаққа келген 1990 жылғы ер адам.
Өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.