Көпбалалы отбасыларға қанша миллиард жәрдемақы төленді?
Көпбалалы отбасыларға қанша миллиард жәрдемақы төленді?
Фото: taunews.kz
209
оқылды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Биыл қаңтар-қараша аралығында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 235 млрд теңгеге орта есеппен 443,9 мың отбасы қамтылды. Оның ішінде қазан айында да жәрдемақыны 447,4 мың отбасы жалпы сомасы 24,9 млрд теңгеге алды. Мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан төленеді.

Төлем мөлшері бала санына байланысты, яғни биыл 4 балаға – 46 760 теңге, 5 балаға – 58 457 теңге, 6 балаға – 70 154 теңге, 7 балаға – 81 852 теңге, 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға 186 688 теңге беріледі. Ай сайын әр балаға 11 668 теңге төленеді.

Көпбалалы отбасыларға жаппай жәрдемақы төлеу астанада бір үйдің бес қызы өрттен қаза тапқаннан кейін енгізілді.