Баланы ішке сүйреп кіргізген балабақша қызметкері жұмыстан кетті

Баланы ішке сүйреп кіргізген балабақша қызметкері жұмыстан кетті

Қарағандыда сәбиді жұлқылап, ішке сүйреп кіргізген балабақша тәрбиешісінің көмекшісі жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш жазды, – деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жайтқа қатысты баланың ата-анасы шағымданбаған. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазба 7 қазанда түсірілген. Қарағанды қаласының білім бөлімі қазір балабақшада қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Жекеменшік балабақшада мемлекеттік тапсырыс аясында 300-ге жуық бала тәрбиеленетін көрінеді. Мұнда бұрын-соңды мұндай өрескел жағдай тіркелмеген.

Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Головина: «Балабақшада бейнебақылау камералары қойылған. Ондағы жазбалар үш айға дейін сақталады. Бірақ болған жайтты куәгерлердің бірі ұялы телефонға түсірген. Оны әлеуметтік желіге жүктеген күні ғана білдік. Баланың ата-анасы да осы күнге дейін бейхабар болған. Бірақ олар полицияға шағымданған жоқ. Қыздың анасы мұндай жағдай қайталанбас үшін балабақша әкімшілігімен сөйлесуімізді ғана сұрады», – деді.

Бұған Жезқазғандағы балабақшаға алкоголь қосылған 100 келі кәмпит сатып алғанын жазған болатынбыз.