Ақтөбеде өртенген гараж ішінен ер адамның денесі табылды
Ақтөбеде өртенген гараж ішінен ер адамның денесі табылды
Фото: Sputnik.kz
215
оқылды
Ақтөбеде өртенген гараж ішінен адам мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 22 қарашада 00:05-те Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының “102” пультіне Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің бірінде гараждың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде 59 жастағы үй иесінің мәйітін тапты. Өрт жылытқыш құрылғыдан шыққан деген болжам бар. Сараптама тағайындалды.