Сертификат алып беремін деп 2 жарым жылға сотталды

Сертификат алып беремін деп 2 жарым жылға сотталды

Ер адамның екі жарым жылға бас бостандығы шектелді. Сайрам ауданы Полиция басқармасының аға тергеушісі 29 жастағы ер адамның алаяқ екенін дәлелдеп, жинақталған іс-құжаттарын айыптау актісімен сотқа жолдады.

Нәтижесінде, сайрамдық тұрғын ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, Сайрам аудандық сотының шешімінен 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сайрам АПБ-ға биыл маусым айында жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, оны танысы алдаған. Күдікті ер адам әйелге 2020 жылдың қараша айында шаштараз оқу курсының сертификатын рәсімдеп беретінін айтып сендірген. Құжаттарын, 30 мың теңге ақшасын алған. Арада бір жылға жуық уақыт өтсе де, уәдесін орындамаған. Ақшаны қайтармаған. Сонымен қатар полицияға тағы бір тұрғын шағымданған. Оны да осы күдікті алдаған. «Сертификат әперемін» деген желеумен 15 мың теңгесін алған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін күдікті Полиция басқармасына жеткізілді. Күдікті қаражатты қажетіне жаратқан.