Алматы облысының әкімі ауысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда туған.
Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Энергетика министрі болған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1993 жылы – жекеменшік компанияның экономисі.
1994 жылы – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 жылы – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
1998 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.
2000 жылы – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 жылы – «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
2001 жылы мамырда – «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.
2003 жылы – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар кеңесінің төрағасы.
2007 жылы – «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
2009 жылы 30 қарашада – Жамбыл облысының әкімі.
2013 жылы желтоқсанда – Павлодар облысының әкімі.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болған.