Мал іздеуге шыққан екі зейнеткер өзенге батып кетті
Мал іздеуге шыққан екі зейнеткер өзенге батып кетті
Фото: news.myseldon.com
125
оқылды

Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін көріп, полиция шақырған. Оқиға орнына полицейлер мен құтқарушылар келді.

Олар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарды. Туыстарының айтуынша, марқұм көршісімен бірге мал іздеуге кеткен екен. Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзеннен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің де мәйітін алып шықты.

Бұған дейін немересін құтқарамын деп суға кеткен қария туралы жазған болатынбыз.