Шымкентте жалдамалы пәтерден бойжеткеннің денесі табылды
Шымкентте жалдамалы пәтерден бойжеткеннің денесі табылды
© otyrar.kz
234
оқылды
Шымкенттегі жалдамалы пәтерден бойжеткеннің денесін 25 қараша түнгі сағат 01.30-да тапқан. Марқұм шамамен 20-25 жаста болған, - деп хабарлады "Отырар" порталы.
Пәтер иесі марқұмның үйді 3 күнге жалға алғанын айтты. Ол пәтерді жігітімен бірге жалдап тұрған болуы да мүмкін. Артынша екеуінің арасында жанжал шыққан деген болжам айтылды. Алғашқы екі күнде бойжеткен пәтер иесімен байланысқа шыққан, ол марқұмның даусынан ерекше ештеңе байқамағанын айтады. Алайда үшінші күні ол телефон қоңырауына жауап бермеген, соған байланысты пәтер иесі дабыл қақты. Қосымша кілтпен үй иесі есікті ашқан, ішінен қан-жоса болып жатқан қызды көрген. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның денесі пәтер ішінде шамамен бір күн жатқанын айтты. Түні бойы оқиға орнында жедел уәкілдер жұмыс істеді. Күдіктілер мен куәгерлер іздестіріліп жатыр. Полиция кісі өліміне қатысты басқа ақпарат таратпады.